Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 сәуірде № 7487-15 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 қарашадағы № 11-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 07.11.2023 № 11-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына,"Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 05 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023 жылғы 01 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда Ақжар ауданы бойынша туристерді орналастыру орындардағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері – болу құнының 1 (бір) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақжар аудандық мәслихат төрағасы М. Жүсіпбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады