"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Талшық ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 01 наурыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округінің Талшық ауылындағы
Энергетиктер көшесін Әлихан Бөкейхан көшесіне
Луговая көшесін Қожаберген жырау көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талшық ауылдық округі әкімі | Е. Каиржанов |