Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округінің Талшық ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 қаңтарда № 7435 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Талшық ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 01 наурыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округінің Талшық ауылындағы

      Энергетиктер көшесін Әлихан Бөкейхан көшесіне

      Луговая көшесін Қожаберген жырау көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талшық ауылдық округі әкімі Е. Каиржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады