"Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Кіші-Қараой ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кіші-Қарой ауылдық округінің Кіші Қараой ауылындағы келесі көшелер қайта аталсын:
Гагарин көшесін Томан көшесіне;
Ленин көшесін Көжек көшесіне;
Карл Маркс көшесін Кенесары көшесіне;
Киров көшесін Абылай хан көшесіне;
Комсомол көшесін Қайырбек Шалабаев көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауыды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Сарсенбаев |