Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кіші-Қарой ауылдық округінің Кіші Қараой ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кіші-Қарой ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 18 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 15 мамырда № 7502-15 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Кіші-Қараой ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кіші-Қарой ауылдық округінің Кіші Қараой ауылындағы келесі көшелер қайта аталсын:

      Гагарин көшесін Томан көшесіне;

      Ленин көшесін Көжек көшесіне;

      Карл Маркс көшесін Кенесары көшесіне;

      Киров көшесін Абылай хан көшесіне;

      Комсомол көшесін Қайырбек Шалабаев көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауыды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Сарсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады