Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына сәйкес, Раисовка ауылы халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Андреев ауылдық округі Раисовка ауылының Киров көшесі Дінмұхамед Қонаев көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | С. Икашев |