Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Андреев ауылдық округі Раисовка ауылындағы көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Андреев ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 12 қаңтардағы № 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 қаңтарда № 7436 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына сәйкес, Раисовка ауылы халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Андреев ауылдық округі Раисовка ауылының Киров көшесі Дінмұхамед Қонаев көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі С. Икашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады