Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Буденное-СК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 0,7611 гектар жер учаскелерін алып қоймай, жер учаскесіне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін: Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Нежинка ауылдық округі, Ефимовка ауылы, №171 ұңғымадан сүт-тауар фермасына сумен жабдықтауды салу және қызмет көрсету үшін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | М. Дүйселеков |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ғабит Мүсірепов атындағы | |
аудан әкімдігінің | |
Нежинка ауылдық округі | |
2023 жылғы " 18 " шілде | |
№ "29" әкімнің шешіміне қосымша |
Жердің экспликациясы
№ | Кадастрлық нөмір | Жер пайдала-нушылардың атауы | Берілетін алаң , га | оның ішінде жерлер бойынша | ||||
Егістік | Жақсар-тылған жайы-лымдар | Жайылы-мдар табиғи | Жолдар | Басқалар | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан | ||||||||
Нежинка ауылдық округі | ||||||||
1 | 15-165-055 | Ефимовка селосы | 0,6997 | 0,6997 | ||||
2 | 15-165-055-788 | "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 0,0614 | 0,0614 | ||||
Нежинка ауылдық округі бойынша жер жиыны: | 0,7611 | 0,6997 | 0,0614 |