Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) - тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссияның 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Амангелді ауылы округінің Амангелді ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округі Амангелді ауылының көшелерің қайта атау:
Комсомольская көшесін - Абай көшесіне;
Коммунистическая көшесін - Сәбит Мұқанов көшесіне;
Пионерская көшесін - Жеңіс көшесіне;
Советская көшесін - Жамбыл көшесіне;
Октябрьская көшесін - Тәуелсіздік көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Б. Исмагулов