Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің Амангелді ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 04 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 қаңтарда № 15-0-7440 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) - тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссияның 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Амангелді ауылы округінің Амангелді ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:      

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округі Амангелді ауылының көшелерің қайта атау:

      Комсомольская көшесін - Абай көшесіне;

      Коммунистическая көшесін - Сәбит Мұқанов көшесіне;

      Пионерская көшесін - Жеңіс көшесіне;

      Советская көшесін - Жамбыл көшесіне;

      Октябрьская көшесін - Тәуелсіздік көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Б. Исмагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады