"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 2-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7482-15 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының төрағасы | А. Рахметова |