Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі №117 "Тайынша ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру аясындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5330 болып тіркелді) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тайынша ауданының әкімі | Б. Әлжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихатының
төрағасы
Тайынша ауданы әкімдігінің | |
2023 жылғы 31 мамырдағы | |
№ 194 қаулысына | |
қосымша | |
Тайынша ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы 3 сәуірдегі | |
№ 117 қаулысына | |
қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
3) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңес берушісі;
4) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;
5) қарттар мен мүгедек тұлғаларды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
6) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларды және 18 жастан асқан мүгедек тұлғаларды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
7) бухгалтер;
8) халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті.
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас бухгалтері;
5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы;
6) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас әкімшісі;
7) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын кітапханасының меңгерушісі (басшысы);
8) әкімші (негізгі қызметтер);
9) аккомпаниатор;
10) балетмейстер;
11) библиограф;
12) кітапханашы;
13) дыбыс инженері;
14) барлық атаулардағы инженер (негізгі қызметтер);
15) Мәдени ұйымдастырушы(негізгі қызметтер);
16) барлық атаулардың (негізгі қызметтердің) әдіскері;
17) музыкалық жетекші;
18) редактор (негізгі қызметтер);
19) режиссер;
20) қоюшы-режиссер;
21) хореограф;
22) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
23) бухгалтер;
24) барлық мамандықтар инженері;
25) инспектор;
26) аудармашы;
27) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға: шаруашылыққа әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің басшысы;
28) костюмер;
29) оператор: жарық аппаратурасы, бейнежазба, дыбыс жазу.