Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 5 мамырдағы № 90 қаулысы және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 3/4 бірлескен қаулысы мен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 мамырда № 7496-15 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы ономастика комиссиясының 2022 жылғы 8 шілдедегі қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының келесі құрамдас бөліктері:

      Крестьянская көшесін Бірлік көшесіне;

      Крымская көшесін Аққайың көшесіне;

      Пролетарский тұйық көшесін Ынтымақ тұйық көшесіне;

      Ленинградский тұйық көшесін Жамбыл тұйық көшесіне;

      Партизанский тұйық көшесін Болашақ тұйық көшесіне;

      Продотрядовский тұйық көшесін Азаттық тұйық көшесіне;

      Киров өтпе жолын Ысқақ Ыбыраев өтпе жолына қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының
әкімі
Р. Смагулов
      Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының төрағасы К. Жангужинов

О переименовании некоторых составных частей города Сергеевки района Шал акына Северо-Казахстанской области

Совместное постановление акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 5 мая 2023 года № 90 и решение маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 5 мая 2023 года № 3/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 11 мая 2023 года № 7496-15

      В соответствии с подпунктом 5-1) статьи 12 Закона Республики Казахстан "Об административно – территориальном устройстве Республики Казахстан", подпунктом 4) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с учетом мнения населения города Сергеевки района Шал акына Северо-Казахстанской области, на основании заключения Северо-Казахстанской областной ономастической комиссии от 8 июля 2022 года, акимат района Шал акына Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ и маслихат района Шал акына Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Переименовать следующие составные части города Сергеевки района Шал акына Северо-Казахстанской области:

      улицу Крестьянская на улицу Бірлік;

      улицу Крымская на улицу Аққайың;

      переулок Пролетарский на переулок Ынтымақ;

      переулок Ленинградский на переулок Жамбыл;

      переулок Партизанский на переулок Болашақ;

      переулок Продотрядовский на переулок Азаттық;

      проезд Кирова на проезд Ысқақ Ыбыраев.

      2. Настоящее совместное постановление акимата и решение маслихата вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Шал акына
Северо-Казахстанской области
Р. Смагулов
      Председатель маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области К. Жангужинов