Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы ономастика комиссиясының 2022 жылғы 8 шілдедегі қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының келесі құрамдас бөліктері:
Крестьянская көшесін Бірлік көшесіне;
Крымская көшесін Аққайың көшесіне;
Пролетарский тұйық көшесін Ынтымақ тұйық көшесіне;
Ленинградский тұйық көшесін Жамбыл тұйық көшесіне;
Партизанский тұйық көшесін Болашақ тұйық көшесіне;
Продотрядовский тұйық көшесін Азаттық тұйық көшесіне;
Киров өтпе жолын Ысқақ Ыбыраев өтпе жолына қайта аталсын.
2. Осы бірлескен әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі |
Р. Смагулов |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының төрағасы | К. Жангужинов |