ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 02 тамыздағы № 145 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5527 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулы қосымшасының
1 тармағының 5) және 6) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"5) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
"6) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларға мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі | Р. Смагулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы мәслихаты