"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 02 тамыздағы № 145 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 16 маусымдағы № 128 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 маусымда № 7537-15 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 02 тамыздағы № 145 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5527 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулы қосымшасының

      1 тармағының 5) және 6) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      "6) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларға мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі Р. Смагулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Шал ақын ауданы мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады