Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және 2021 жылғы 16 сәуірдегі Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Аютас ауылдық округі елді мекендерінің келесі көшелері қайта аталсын:
1) Ысқақ Ыбыраев ауылында:
Есильская көшесін Қабиден Шәйінов көшесіне;
Строительная көшесін Қапез Әлжанов көшесіне;
Центральная көшесін Ережеп Есетов көшесіне;
Школьная көшесін Шияп Садықов көшесіне;
2) Қаратал ауылында:
Центральная көшесін Бекмырза Бименды көшесіне;
3) Көктерек ауылында:
Южная көшесін Ахметжан Нұртазин көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
С. Шаинов |