Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 265 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4534 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:
3-тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"9) жұмыс органы – жергілікті атқарушы орган - "Атырау облысы Кәсіпкерлік және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі.";
36-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"36. Кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар (өлшемшарттар):
азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қоймамен жабдықталған, техникалық талаптарға жауап беретін, облыс аумағында қалыптасқан қазіргі заманғы сауда желілерімен және азық-түлік тауарларымен сатып алу және өзге де операцияларды орындау мүмкіндігімен және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік және меншігінде не жалға алу құқығында сауда нысандары бар беретін бөлшек сауданы жүзеге асыратын сауда ұйымдары (сауда желілері, сауда үйлері, гипермаркеттер, супермаркеттер), сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының отандық тауар өндірушілері, тауарларды көтерме жеткізушілер;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер алдында мерзімі өткен берешектің болмауы;
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесінде көзделген тауарлар өткізу;
кәсіпкерлік субьектілеріне қатысты оңалту және (немесе) банкроттық рәсімі қолданылмауы керек.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысының әкімі | С. Шапкенов |