Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.06.2023 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Агроенеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1164 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.03.017 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с № | Тауардың атауы |
---|---|
1 | 2 |
1 | Бірінші сортты бидай ұны |
2 | Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) |
3 | Рожки (өлшеніп салынатын) |
4 | Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) |
5 | Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын) |
6 | Картоп |
7 | Асханалық сәбіз |
8 | Басты пияз |
9 | Ақ қауданды қырыққабат |
10 | Ақ қант – құмшекер |
11 | Күнбағыс майы |
12 | Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) |
13 | Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік) |
14 | Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада |
15 | Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада |
16 | Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ) |
17 | Тауық жұмыртқасы (I санатты) |
18 | Ac тұзы ("Экстра" -дан басқа) |
19 | Сүзбе: майлылығы 5-9% |