"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 56 "Атырау облысы әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4097 болып тіркелген) және 2022 жылғы 10 ақпандағы № 22 "Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 56 "Атырау облысы әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысының әкімі | С. Шапкенов |