"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | М. Хайруллиев |
Атырау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 71-VIII шешіміне қосымша |
Кейбір шешімдерінің күші жойылған тізбесі
1. Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 тамыздағы № 148-VІ "Атырау облысындағы көші-қон процестерін реттеудің Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3942 болып тіркелген) шешімі;
2. Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 21 маусымдағы № 332-VI "Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 тамыздағы № 148-VІ "Атырау облысындағы көші–қон процестерін реттеудің Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4433 болып тіркелген) шешімі;
3. Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 70-VII "Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 тамыздағы № 148-VІ "Атырау облысындағы көші–қон процестерін реттеудің Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі.