Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 тамыздағы № 148-VІ "Атырау облысындағы көші–қон процестерін реттеудің Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 70-VII шешімі. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 71-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 11.12.2023 № 71-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 тамыздағы № 148-VІ "Атырау облысындағы көші-қон процестерін реттеудің Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3942 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Атырау облысындағы көші-қон процестерін реттеудің қағидаларында:

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.";

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін "Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:

      өңірдің тиісті аумағын қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызуға (жатқызбауға);

      шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);

      қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.

      6. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу білікті жұмыс күшін тартуға және жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе, жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы да жүзеге асырылады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Ә. Нәутиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады