"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес Жылыой ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 95 "Жылыой ауданы әкімдігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4125 болып тіркелген) және 2022 жылғы 10 ақпандағы № 37 "Жылыой ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі "Жылыой ауданы әкімдігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" № 95 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жылыой ауданының әкімі | Ж. Каражанов |