"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Махамбет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Махамбет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 253 "Махамбет ауданының мүгедектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3644 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Махамбет ауданының әкімі | К. Нурлыбаев |