"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Махамбет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Махамбет ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 134 "Махамбет ауданы әкімдігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4150 болып тіркелген) және 2022 жылғы 22 ақпандағы № 38 "Махамбет ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 134 "Махамбет аудандық әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Махамбет ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Махамбет ауданының әкімі | К. Нурлыбаев |