Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Исатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Исатай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Н. Мусин |
Исатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 11-VIII шешіміне қосымша |
Исатай аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі:
1. "Исатай аудандық Маслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Исатай ауданы мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 148-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4106 болып тіркелген) шешімі.
2. "Исатай аудандық Маслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Исатай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 148-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Исатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 ақпандағы № 114-VII шешімі.
3. "Исатай ауданының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" Исатай ауданы мәслихатының 2018 жылғы 06 маусымдағы № 160-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4169 болып тіркелген) шешімі.
4. "Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 160 "Исатай ауданының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Исатай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 25 қазандағы № 78-VII шешімі.
5. "Исатай ауданының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" Исатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 291-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4607 болып тіркелген) шешімі.
6. "Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 акпандағы № 291 "Исатай ауданының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Исатай ауданы мәслихатының 2021 жылғы 25 қазандағы № 79-VII шешімі.
7. "Исатай ауданы Зинеден ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Исатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 тамыздағы № 324-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4714 болып тіркелген) шешімі.
8. "Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 тамыздағы № 324 "Исатай ауданы Зинеден ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Исатай ауданы мәслихатының 2021 жылғы 25 қазандағы № 80-VII шешімі.