"Исатай аудандық Маслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Исатай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 148-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 ақпандағы № 114-VII шешімі. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 11-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 27.04.2023 № 11-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабына сәйкес Исатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Исатай аудандық Маслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Исатай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 148-VI шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4106 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әдістемеде:

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";

      41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";

      42-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы Н. Муханбеталиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады