Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мақат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" Мақат аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 303-VI шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4494 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшасындағы:
1) 2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.";
2) 5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күніне нкейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | А. Шангалаев |