Мақат аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 303-VI "Мақат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 42-VIII шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 15 қыркүйекте № 5079-06 болып тіркелді

      Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Мақат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" Мақат аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 303-VI шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4494 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшасындағы:

      1) 2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.";

      2) 5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күніне нкейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы А. Шангалаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады