Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 19.04.2024 № 94 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 наурыздағы № 62 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4612 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасының:
1) 2 тармағындағы "Котяев" деген сөз "Бөкейхан" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 11 тармағындағы "Приморье" деген сөз "Теңіз" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне (К. Булеков) жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Н. Калиев |