Құрманғазы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 94 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 22 сәуірде № 5184-06 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 наурыздағы № 62 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4612 болып тіркелген) және 2023 жылғы 23 маусымдағы № 162 "Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 наурыздағы № 62 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5048-06 болып тіркелген) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Жангалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады