"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысы Созақ ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облысы Созақ ауданы Созақ ауылдық округінің Қақпансор елді мекені және Жуантөбе ауылдық округінің Қоңыратарық елді мекені таратылсын.
2. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | Д. Сатыбалды |
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы | Н. Абишов |