Түркістан облысы Созақ ауданындағы бірқатар елді мекендерді тарату туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 207 бірлескен қаулысы және Түркістан облысы мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 5/68-VIII шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 21 қыркүйекте № 6349-13 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысы Созақ ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түркістан облысы Созақ ауданы Созақ ауылдық округінің Қақпансор елді мекені және Жуантөбе ауылдық округінің Қоңыратарық елді мекені таратылсын.

      2. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалды
      Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н. Абишов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады