Түркістан облысы Жетісай ауданындағы бірқатар елді мекендерді тарату туралы

Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 бірлескен қаулысы және Түркістан облысы мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 7/93-VIII шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 26 желтоқсанда № 6435-13 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түркістан облысы Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округіне қарасты Жібекші, Қақпақсай, Пірәлі елді мекендері және Қарақай ауылдық округіне қарасты Батырхан, Жорабек, Орысқұдық, Серікбай елді мекендері таратылсын.

      2. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д.Сатыбалды
      Облыстық мәслихаттың төрағасы Н.Әбішов

Об упразднении некоторых населенных пунктов Жетысайского района Туркестанской области

Совместные постановление акимата Туркестанской области от 25 декабря 2023 года № 296 и решение маслихата Туркестанской области от 13 декабря 2023 года № 7/93-VIII. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Туркестанской области 26 декабря 2023 года № 6435-13

      В соответствии с пунктом 3) статьи 11 Закона Республики Казахстан "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", с учетом совместных предложений акимата и маслихата района Жетысайского, Туркестанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ и маслихат Туркестанской области РЕШИЛ:

      1. Упразднить населенные пункты Жибекши, Калпаксай, Пирали сельского округа Атамекен и населенные пункты Батырхан, Жорабек, Орыскудук, Серикбай сельского округа Каракай Жетысайского района Туркестанской области.

      2. Контроль за исполнением настоящего совместного постановления акимата Туркестанской области и решения Туркестанского областного маслихата возложить на курирующего заместителя акима Туркестанской области.

      3. Настоящее совместное постановление и решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области Д.Сатыбалды
      Председатель областного маслихата Н.Абишов