"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облысы Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округіне қарасты Жібекші, Қақпақсай, Пірәлі елді мекендері және Қарақай ауылдық округіне қарасты Батырхан, Жорабек, Орысқұдық, Серікбай елді мекендері таратылсын.
2. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Д.Сатыбалды |
Облыстық мәслихаттың төрағасы | Н.Әбішов |