Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Түркістан облысы Арыс қаласының Ақдала және Дермене ауылдық округтерінің келесі елді мекендерінің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:
1) Ақдала ауылдық округі Ақдала елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерінен 36,58 гектар қоса отырып, Ақдала ауылдық округі Ақдала елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 561,1 гектар шекарасында белгіленсін;
2) Ақдала ауылдық округі Пәкентай Арапов елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерінен 10,83 гектар қоса отырып, Ақдала ауылдық округі Пәкентай Арапов елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 115,13 гектар шекарасында белгіленсін;
3) Дермене ауылдық округі Саналы елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерінен 9,8 гектар қоса отырып, Дермене ауылдық округі Саналы елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 161,15 гектар шекарасында белгіленсін;
4) Дермене ауылдық округі Орманды елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерінен 16,5 гектар қоса отырып, Дермене ауылдық округі Орманды елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 28,0 гектар шекарасында белгіленсін;
5) Дермене ауылдық округі Теміржолшы елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерінен 42,1 гектар қоса отырып, Дермене ауылдық округі Теміржолшы елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 115,44 гектар шекарасында белгіленсін;
2. Арыс қаласы "Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен Арыс қаласы әкімдігінің қаулысы мен Арыс қалалық мәслихатының шешімін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен Арыс қаласы әкімдігінің қаулысы мен Арыс қалалық мәслихатының шешімін ресми жарияланғаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен Арыс қаласы әкімдігінің қаулысының және Арыс қалалық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Қуандыққа жүктелсін.
4. Осы бірлескен Арыс қаласы әкімдігінің қаулысы мен Арыс қалалық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арыс қаласының әкімі | Г. Курманбекова |
Арыс қалалық мәслихат төрағасы | К. Ахметов |