"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Арыс қалалық мәслихатының ""Б" корпусы Арыс қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 29 наурыздағы № 20/145-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4518 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арыс қалалық мәслихат төрағасы | К. Ахметов |