Арыс қалалық мәслихатының 2022 жылғы 15 қарашадағы № 29/153-VІІ "Арыс қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 8/52-VІІІ шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 29 қыркүйекте № 6367-13 болып тiркелдi

      Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Арыс қалалық мәслихатының "Арыс қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2022 жылғы 15 қарашадағы № 29/153-VІІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30577 болып тiркелді) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арыс қалалық мәслихат төрағасы К. Ахметов

  Арыс қалалық мәслихатының
2023 жылғы 28 қыркүйектегі
№ №8/52-VІІІ шешіміне қосымша
  Арыс қалалық мәслихатының
2022 жылғы 15 қарашадағы
№29/153-VII шешіміне қосымша

Арыс қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін Арыс қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:

      1) әлеуметтік көмек түрінде, бастапқы жарна сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;

      2) әлеуметтік қолдау түрінде, бастапқы жарна сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.

      Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалады.

  Арыс қалалық мәслихатының
2023 жылғы 28 қыркүйектегі
№ №8/52-VІІІ шешіміне 2 қосымша
  Арыс қалалық мәслихатының
2022 жылғы 15 қарашадағы
№29/153-VII шешіміне 2 қосымша

Арыс қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

      1. Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

      2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

      3) 1 және 2 топтардағы мүгедектер;

      4) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;

      5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;

      6) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

      7) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      8) қандастар;

      9) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

      10) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      11) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

      12) толық емес отбасылар;

      13) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;

      14) "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы №161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32546 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып, еңбек жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларында еңбек қызметін жүзеге асыратын сұранысқа ие мамандар".

О внесении изменения в решение маслихата города Арыс от 15 ноября 2022 года № 29/153-VІІ "Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Арыс"

Решение Арысского городского маслихата Туркестанской области от 28 сентября 2023 года № 8/52-VІІІ. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Туркестанской области 29 сентября 2023 года № 6367-13

      Маслихат города Арыс РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата города Арыс "Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Арыс" от 15 ноября 2022 года №29/153-VІІ (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №30577) следующее изменение:

      приложение 1, 2 к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению 1, 2 к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата города Арыс К. Ахметов

  Приложение к решению
маслихата город Арыс
от 28 сентября 2023 года
№ №8/52-VІІІ
  Приложение к решению
маслихата город Арыс
от 15 ноября 2022 года
№29/153-VII

Размер жилищных сертификатов по городу Арыс

      1. Для реализации права приобретения гражданами жилья в собственность с использованием ипотечного жилищного займа в рамках ипотечной программы, утвержденной Национальным Банком Республики Казахстан и (или) государственной программы жилищного строительства, определить размер жилищных сертификатов в городе Арыс:

      1) 10 % от суммы первоначального взноса, но не более 1 500 000 (один миллион пятьсот тысяч) тенге в виде социальной помощи;

      2) 10 % от суммы первоначального взноса, но не более 1 500 000 (один миллион пятьсот тысяч) тенге в виде социальной поддержки.

      Сумма жилищного сертификата определяется в едином размере не более 1 500 000 (один миллион пятьсот тысяч) тенге для каждого получателя.

  Приложение 2 к решению
маслихата город Арыс
от 28 сентября 2023 года
№ №8/52-VІІІ
  Приложение 2 к решению
маслихата город Арыс
от 15 ноября 2022 года
№29/153-VII

Перечень категорий получателей жилищных сертификатов по городу Арыс

      1. ветераны Великой Отечественной войны;

      1) ветераны, приравненные по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны;

      2) ветераны боевых действий на территории других государств;

      3) лица с инвалидностью первой и второй групп;

      4) семьи, имеющие или воспитывающие детей с инвалидностью;

      5) лица, страдающие тяжелыми формами некоторых хронических заболеваний, перечисленных в списке заболеваний, утверждаемом уполномоченным органом в области здравоохранения;

      6) пенсионеры по возрасту;

      7) дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, не достигшие двадцати девяти лет, потерявшие родителей до совершеннолетия;

      8) кандасы:

      9) лица, лишившиеся жилища в результате экологических бедствий, чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера;

      10) многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күмісалқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", а также награжденные орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетные семьи;

      11) семьи лиц, погибших (умерших) при исполнении государственных или общественных обязанностей, воинской службы, при подготовке или осуществлении полета в космическое пространство, при спасании человеческой жизни, при охране правопорядка;

      12) неполные семьи;

      13) государственным служащим, работникам бюджетных организаций, военнослужащим, кандидатам в космонавты, космонавтам, сотрудникам специальных государственных органов и лицам, занимающим государственные выборные должности;

      14) востребованные специалисты, осуществляющие трудовую деятельность в отрасли здравоохранения, образования, культуры, спорта, на основе анализа статистических наблюдений по статистике труда и занятости, с учетом прогноза трудовых ресурсов, формируемых согласно Приказа Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 мая 2023 года №161 "Об утверждении Правил формирования национальной системы прогнозирования трудовых ресурсов и использования ее результатов (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №32546)".