Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы бойынша келесі елді мекендердің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:
1) Алтынтөбе ауылдық округінің Қосағаш елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 29,85 гектар жерлерді қосу арқылы, Алтынтөбе ауылдық округінің Қосағаш елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 163,36 гектар болып белгіленсін;
2) Алтынтөбе ауылдық округінің Қаржан елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 63,98 гектар жерлерді қосу арқылы, Алтынтөбе ауылдық округінің Қаржан елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 611,65 гектар болып белгіленсін;
3) Жаңабазар ауылдық округінің Тілектес елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 58,73 гектар жерлерді қосу арқылы, Жаңабазар ауылдық округінің Тілектес елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардыңжалпы ауданы 179,95 гектар болып белгіленсін;
4) Жаңабазар ауылдық округінің Үлгілі елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 77,59 гектар жерлерді қосу арқылы, Жаңабазар ауылдық округінің Үлгілі елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы ауданы 260,56 гектар болып белгіленсін;
5) С.Рақымов ауылдық округінің Көкібел елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 43,19 гектар жерлерді қосу арқылы, С.Рақымов ауылдық округінің Көкібел елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы ауданы 287,99 гектар болып белгіленсін;
6) С.Рақымов ауылдық округінің Қызылата елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 45,74 гектар жерлерді қосу арқылы, С.Рақымов ауылдық округінің Қызылата елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы ауданы 132,12 гектар болып белгіленсін;
7) Қызылқия ауылдық округінің Ынталы елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 7,9 гектар жерлерді қосу арқылы, Қызылқия ауылдық округінің Ынталы елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы ауданы 118,08 гектар болып белгіленсін;
8) Қақпақ ауылдық округінің Қақпақ елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 92,02 гектар жерлерді қосу арқылы, Қақпақ ауылдық округінің Қақпақ елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы ауданы 487,44 гектар болып белгіленсін;
9) Қ.Әбдәлиев ауылдық округінің Рабат елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 21,2 гектар жерлерді қосу арқылы, Қ.Әбдәлиев ауылдық округінің Рабат елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы ауданы 414,32 гектар болып белгіленсін;
10) Қарабау ауылдық округінің Жұмысшы елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 23,3 гектар жерлерді қосу арқылы, Қарабау ауылдық округінің Жұмысшы елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы ауданы 196,34 гектар болып белгіленсін.
2. Осы бірлескен Қазығұрт ауданы әкімдігінің қаулысы мен Қазығұрт аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Қазығұрт ауданы әкімдігінің қаулысы мен Қазығұрт аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазығұрт ауданының әкімі | А. Исмаилов |
Қазығұрт аудандық мәслихат төрағасы | Т. Калымбетов |