Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ордабасы ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ордабасы ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ордабасы ауданының әкімі | Н. Бадыраков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ордабасы аудандық
мәслихаты
Ордабасы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 22 қаулысына қосымша |
Ордабасы ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
3) ассистент;
4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
5) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
6) психолог;
7) диеталық мейіргер;
8) мейіргер.
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
2) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
3) кітапханашы;
4) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
5) библиограф;
6) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
7) музыкалық жетекші;
8) режиссер;
9) хореограф;
10) ұжым (үйірме) басшысы;
11) аккомпаниатор.