Ордабасы ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Жаңа

Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 22 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 26 қаңтарда № 13-0-6234 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ордабасы ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ордабасы ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ордабасы ауданының әкімі Н. Бадыраков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ордабасы аудандық

      мәслихаты

  Ордабасы ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 26 қаңтардағы
№ 22 қаулысына қосымша

Ордабасы ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      3) ассистент;

      4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      5) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      6) психолог;

      7) диеталық мейіргер;

      8) мейіргер.

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      2) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      3) кітапханашы;

      4) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      5) библиограф;

      6) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      7) музыкалық жетекші;

      8) режиссер;

      9) хореограф;

      10) ұжым (үйірме) басшысы;

      11) аккомпаниатор.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады