Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабын 2-тармағына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сарыағаш аудандық мәслихатының төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Сарыағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы № 28-213-V "Сарыағаш ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2574 тіркелген) шешімі;
2) Сарыағаш аудандық мәслихатының 2022 жылғы 11 наурыздағы № 18-131-VII "Сарыағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы № 28-213-V "Сарыағаш ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі.
2. Осы шешім оның алғашы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | С. Таскулов |