"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Созақ ауданы әкiмдiгiнiң "Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Созақ ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 110 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4578 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Бакировке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Созақ ауданының әкімі | М. Турысбеков |