Төлеби аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы № 50/275-VІ "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы

Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 2/9-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 22 мамырда № 6290-13 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 тамыздағы № 15/85-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 14.08.2024 № 15/85-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Төлеби ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Төлеби аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 4 наурыздағы № 50/275-VІ (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5519 болып тiркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Төлеби ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы";

      шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Төлеби ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Төлеби ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы Н. Койбагаров

  Төлеби аудандық мәслихатының
2023 жылғы 16 мамырдағы
№ 2/9-VIII шешіміне қосымша

Төлеби ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Төлеби ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және Төлеби ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы қағидада қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Төлеби ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;

      8) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      9) уәкілетті орган – "Төлеби ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді ай сайын көрсетіледі.

      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау тәртібі

      6. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін ЖАО белгілейді және жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      7. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      8. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      9. Мереке және атаулы күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) жаңа жылдық шыршаға мүгедектігі бар балаларға біржолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні- көпбалалы аналарға, оның ішінде:

      "Алтын алқамен", "Күміс алқамен" наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) 9 мамыр - "Жеңіс күні"

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 400 (төрт жүз) айлық есептік мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектігі бар адамының немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарына теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайларына (зайыбына) біржолғы әлеуметтік көмектің шекті және ең төменгі мөлшер – 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға біржолғы әлеуметтік көмектің шекті және ең төменгі мөлшер – 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен, жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яғни ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСРО Одағының орденімен және медальдармен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге біржолғы әлеуметтік көмектің шекті және ең төменгі мөлшері - 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Тәжікстан-Ауғанстан учаскесіндегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне біржолғы әлеуметтік көмектің шекті және ең төменгі мөлшері - 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне біржолғы әлеуметтік көмектің шекті және ең төменгі мөлшері - 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына біржолғы әлеуметтік көмектің шекті және ең төменгі мөлшері - 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      26 сәуiрде (Чернобыль атом электрстанциясы апатының құрбандарын еске алу күнi) – 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға, бiржолғы әлеуметтік көмектің шекті және ең төменгі мөлшері - 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      29 тамызға "Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні" - бiржолғы әлеуметтік көмектің шекті және ең төменгі мөлшері - 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні;

      Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын сүргін құрбандарын ақтау туралы" Заңына белгіленген тәртіппен ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан тұлғаларға – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      10. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайдағы мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына біржолғы және (немесе) ай сайын көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен мүгедектігі бар адамдарына, ең төмен күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiлейтiн шектен алпыс пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтамасыз етiлген отбасыларына, жалғызiлiктi зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға, табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның тұрғын үйiне зиян келтiруiне байланысты бiржолғы әлеуметтік көмектің шекті және ең төменгі мөлшері - 100 айлық есептiк көрсеткiш;

      2) Басылымдарға жазылу үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарына бір жолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, батыр аналар, мүгедектігі бар адамдарға, мұқтаж жауынгер-Ауғандықтарға, Чернобыль АЭС-ның апатын жоюға қатысушыларына, біржолғы 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жартыжылдықта бір рет;

      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) адамның иммун тапшылығы вирусы жұқтыру немесе жұқтырылған иммун тапшылығының синдром ауруы медицина қызметкерлерінің кінәсінен болған, олардың өміріне немесе денсаулығына келтірген зиянды өтеуге өтемақы, сонымен қатар адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына ай сайын екі есе ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      5) 80 жастан асқан жазғызілікті қарттарға, үйде оқып және тәрбиеленетін мүгедекігі бар балаларға, ай сайын әлеуметтік көмектің шекті шекті және ең төменгі мөлшері 2 айлық есептік көрсеткіш;

      6) мүгедектігі бар адамды рабилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша мүгедектігі бар адамдарға мүгедектер арбаларымен қамтамасыз етуге:

      серуендеуге арналған мүгедектер арбаларымен әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 60 айлық есептік көрсеткіш;

      бөлмеге арналған мүгедектер арбаларымен әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 40 айлық есептік көрсеткіш;

      7) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарға, зейнет жасындағы "Алтын алқа", "Күміс алқа" иелеріне кезекке тіркелген азаматтарға бөлінген жолдаманың 40 пайызына шипажайлық-курорттық емделуге - бір рет, 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) зейнет жасындағы кезекке тіркелген азаматтарға бөлінген жолдаманың 60 пайызына шипажайлық-курорттық емдеуге - бір рет, 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      9) әлеуметтік және инва такси қызметін ұсынуға – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектігі бар адамдарына, жүріп тұруы қиын мүгедектігі бар балаларға, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшін ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      10) мүмкіндігі шектеулі жұмыс істейтін 1-2 топтағы зағип мүгедектерге бір жолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      11) онкологиялық ауруға шалдыққан тұлғаларға біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      12) созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан азаматтарға біржолғы 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      13) аз қамтылған отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы, жергілікті өкілді органдармен белгіленген күн көрістің төменгі шегінен аспаса, біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      14) Бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар атаулы көмек алушы отбасыларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың түрлері мен көлемдеріне қосымша бір айлық есептік көрсеткішке дейін көмек көрсетілсін.

      15) Өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған азаматтарға жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшері айына отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын құрайды. Әлеуметтік көмек ай сайын немесе 3 айға бір жолғы төленеді.

      Әлеуметтік көмектің біржолғы төлемі комиссиямен келісім бойынша жүргізіледі және тек қана әлеуметтік келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын сатып алуға) тұрғын үйін жөндеуге, жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (алдыңғы қарыздарды өтеуге арналған шығындардан басқа) пайдаланылады.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтар бір ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру қажет.

      11. Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер- "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурудың болуы;

      3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табыстың болуы.

      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін аудандық мәслихат бекітеді.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      12. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Түркістан облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      14. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      15. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      16. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Төлеби ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.

      17. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      18. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

4. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      19. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      20. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне мынадай құжаттармен қоса өтініш береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;

      3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат.

      Құжаттар салыстырып тексеру үшін төлнұсқамен ұсынылады, содан соң құжаттардың төлнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды.

      21. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      22. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      23. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      24. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      25. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      26. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      27. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      28. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Үлгілік қағидалардың 17 және 18 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      29. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      30. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      31. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

5. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      32. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      33. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

6. Қорытынды ереже

      34. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды Төлеби ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.

О внесении изменений в решение маслихата Толебийского района от 4 марта 2020 года № 50/275-VI "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Толебийского районного маслихата Туркестанской области от 16 мая 2023 года № 2/9-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 22 мая 2023 года № 6290-13. Утратило силу решением Толебийского районного маслихата Туркестанской области от 14 августа 2024 года № 15/85-VIII

      Сноска. Утратило силу решением Толебийского районного маслихата Туркестанской области от 14.08.2024 № 15/85-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Маслихат Толебийского района РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата Толебийского района "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" от 4 марта 2020 № 50/275-VI (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5519) следующие изменения:

      заголовок указанного решения изложить в новой редакции:

      "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Толебийского района";

      пункт 1 решения изложить в новой редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Толебийского района.";

      Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Толебийского района, утвержденные вышеуказанным решением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь районного маслихата Н. Койбагаров

  Приложение к решению
Толебийского районного маслихата
от 16 мая 2023 года № 2/9-VIII

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Толебийского района Туркестанской области Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Толебийского района (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее – Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Толебийского района.

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;

      2) памятные даты – события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;

      3) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима Толебийского района, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      4) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой республиканским государственным учреждением "Департамент бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан по Туркестанской области";

      5) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      6) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      7) центральный исполнительный орган – государственный орган, обеспечивающий реализацию государственной политики в сфере социальной защиты населения;

      8) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      9) уполномоченный орган – государственное учреждение "Толебийский районный отдел занятости и социальных программ";

      10) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно – территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;

      11) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      3. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.

      4. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически ежемесячно.

      5. Лицам, указанным в статье 16 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан" и в подпункте 2) статьи 10, в подпункте 2) статьи 11, в подпункте 2) статьи 12, в подпункте 2) статьи 13 Закона Республики Казахстан от 6 мая 2020 года "О ветеранах", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящим Правилам.

2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи

      6. Перечень категорий получателей, предельные размеры социальной помощи, сроки обращения за социальной помощью при наступлении трудной жизненной ситуации вследствие стихийного бедствия или пожара, устанавливаются МИО и утверждаются решениями местных представительных органов.

      При этом основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:

      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара либо наличие социально значимого заболевания;

      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, установленного местными представительными органами в кратном отношении к прожиточному минимуму.

      Специальные комиссии при вынесении заключения о необходимости оказания социальной помощи руководствуются утвержденным местными представительными органами перечнем оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся.

      7. К памятным датам и праздничным дням размер социальной помощи для отдельно взятой категории получателей устанавливается в едином размере по согласованию с МИО области.

      8. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

3. Порядок установления размеров социальной помощи

      9. Социальная помощь к праздничным и памятным дням оказывается единовременно, следующим категориям граждан:

      1) детям инвалидам на новогоднюю елку, единовременно, в размере 3 месячного расчетного показателя;

      2) 8 марта – Международный женский день:

      многодетным матерям, награжденным подвесками "Алтын алқа", "Күмісалқа" или получившим ранее звание "Мать-героиня", а также награжденным орденами "Материнская слава" I и II степени, единовременно, в размере 2 кратного месячного расчетного показателя;

      3) 9 мая – День Победы:

      ветеранам Великой Отечественной войны - в размере 400 (четыреста) месячных расчетных показателей;

      супругам (супругу) умершего лица с инвалидностью Великой Отечественной войны или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью Великой Отечественной войны, которые не вступали в повторный брак в размере – 30 000 (тридцать тысяч) тенге;

      лицам, награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, а также лица, проработавшие (прослужившие) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, единовременно,в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге;

      лицам, принимавшие участие в боевых действиях на территории других государств, рабочим и служащим, обслуживавших советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья, либо награжденными орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий, единовременно, предельный и минимальный размер социальный помощи в размере - 35 месячных расчетных показателей;

      военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшие задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке социальный помощи в размере - 35 месячных расчетных показателей;

      военнослужащим Республики Казахстан, принимавшие участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке социальная помощь в размере- 35 месячных расчетных показателей;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшие участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе социальная помощь в размере - 35 месячных расчетных показателей;

      26 апреля (День памяти жертв аварии на Чернобыльской атомной электростанции) - лица, принимавшие участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в ядерных испытаниях и учениях, единовременно предельный и минимальный размер социальный помощи в размере- 35 месячных расчетных показателей;

      29 августа "День закрытия Семипалатинского испытательного ядерного полигона" социальная помощь в размере - 35 месячных расчетных показателей;

      16 декабря - День Независимости:

      лицам, принимавшим участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, реабилитированным в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О реабилитации жертв массовых политических репрессий" - 35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      10. Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации оказывается единовременно и (или) ежемесячно:

      1) участникам и лицам с инвалидностью Великой Отечественной войны, малообеспеченным семьям, среднедушевой доход которых не превышает шестьдесят процентного порога, в кратном отношении к прожиточному минимуму, одиноким пенсионерам и лицам с инвалидностью, для компенсаций причиненного ущерба гражданину (семье) либо жилью в следствии стихийного бедствия или пожара, единовременно, предельный и минимальный размер 100 месячных расчетных показателя;

      2) для подписки в изданиях - участникам и лицам с инвалидностью Великой Отечественной войны в размере 3 кратного месячного расчетного показателя и лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, матерям героиням, лицам с инвалидностью, нуждающимся воинам-Афганцам, ликвидаторам аварии на Чернобыльской АЭС в размере 1 кратного месячного расчетного показателя один раз в полугодие;

      3) лицам, больным заразной формой туберкулеза, выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации, ежемесячно в размере 10 месячных расчетных показателя;

      4) оплата компенсации лицам зараженным вирусом иммунодефицита человека или болезни Синдром приобретенного иммунодефицита по вине медицинских работников и работников сферы оказания хозяйственных услуг что повлекло вред их здоровью, а также семьям, имеющим детей, заразившихся вирусом иммунодефицита человека ежемесячно в размере двух минимальных величин прожиточного минимума;

      5) одиноким пожилым лицам старше 80 лет, детям с инвалидностью обучающимся и воспитывающимся на дому, ежемесячно, предельный размер социальный помощи в размере 2 месячного расчетного показателя;

      6) лицам с инвалидностью по индивидуальной программой реабилитации и реабилитации лица с инвалидностью по обеспечению инвалидными колясками:

      на прогулочные инвалидные коляски, предельный размер социальной помощи 60 месячных расчетных показателей;

      на комнатные инвалидные коляски, предельный размер социальной помощи 40 месячных расчетных показателей;

      7) участникам Великой Отечественной войны и приравненным к ним по льготам и гарантиям лицам, обладателям "Алтын алка", "Кумис алка" пенсионного возраста, 40 процентов путевки, выделяемой гражданам, стоящим в очереди на санаторно-курортное лечение, - однократно, в размере 60 (шестьдесять) месячных расчетных показателей;

      8) на 60 процентов направления, выделяемого гражданам пенсионного возраста на санаторно-курортное лечение, - однократно в размере 60 (шестьдесять) месячных расчетных показателей;

      9) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, лицам с инвалидностью первой, второй группы, детям с инвалидностью, имеющим затруднение в передвижении для предоставления услуг социального такси на поездки в лечебные учреждения и в общественные места и инвалидам, детям-инвалидам, имеющим медицинские показания к оказанию услуги инватакси, для предоставления услуг инватакси ежемесячно в размере 10 (десяти) месячных расчетных показателя;

      10) единовременная помощь на транспортные расходы работающим инвалидам по зрению 1-2 группы в размере 5 месячных расчетных показателей.

      11) лицам, больным онкологическим заболеванием, единовременно в размере 10 месячных расчетных показателя;

      12) лицам с хронической почечной недостаточностью, единовременно в размере 40 месячных расчетных показателей.

      13) малообеспеченным семьям, cо среднедушевым доходом, не превышающего порога, установленного местными представительными органами в кратном отношении к прожиточному минимуму единовременно в размере 30 месячного расчетного показателя;

      14) семьям имеющим детей от одного года до шести лет и получающим адресную социальную помощь дополнительно к социальному гарантированному пакету оказать помощь в размере не более одного месячного расчетного показателя;

      15) лицам, оказавшимся в трудной жизненной ситуации размер оказываемой социальной помощи малообеспеченным семьям со среднедушевым доходом ниже величины прожиточного минимума, составляет величину прожиточного минимума на каждого члена семьи в месяц. Социальная помощь выплачивается ежемесячно или единовременно за 3 месяца.

      Единовременная выплата социальной помощи производится по согласованию с комиссией и используется исключительно на мероприятия, связанные с выполнением обязательств по социальному контракту, развитие личного подсобного хозяйства (покупка домашнего скота, птицы) для ремонта жилого дома, организацию индивидуальной предпринимательской деятельности (кроме затрат на погашение предыдущих займов).

      При наступлении трудной жизненной ситуации вследствие стихийного бедствия или пожара граждане в месячный срок должны обратиться за социальной помощью.

      11. При этом основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:

      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан "О специальных социальных услугах" Закон Республики Казахстан от 29 декабря 2008 года;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, либо наличие социально значимого заболевания;

      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего прожиточного минимума.

      Окончательный перечень оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся и проведения обследований материально-бытового положения лица (семьи) утверждается районным маслихатом.

      Специальные комиссии при вынесении заключения о необходимости оказания социальной помощи руководствуются утвержденным местными представительными органами перечнем оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся.

      12. К памятным датам и праздничным дням размер социальной помощи для отдельно взятой категории получателей устанавливается в едином размере по согласованию с акиматам Туркестанской области.

      13. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

      14. Порядок оказания социальной помощи, основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи определяется согласно Типовым правилам.

      15. Социальная помощь к праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому МИО по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      16. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Толебийского района на текущий финансовый год.

      17. Социальная помощь предоставляется в денежной форме через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций, путем перечисления на счета получателей.

      18. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

4. Порядок оказания социальной помощи

      19. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому МИО по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      20. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму поселка, села, сельского округа представляет заявление с приложением следующих документов:

      1) документа, удостоверяющего личность (для идентификации личности);

      2) сведений о доходах лица (членов семьи);

      3) акта и/или документа, подтверждающего наступление трудной жизненной ситуации.

      Документы представляются в подлинниках для сверки, после чего документы возвращаются услугополучателю.

      Для получения социальной помощи, которая назначается независимо от доходов лица (членов семьи), сведения о доходах лица (членов семьи) не предоставляются.

      21. Документы представляются в подлинниках для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.

      22. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган или аким поселка, села, сельского округа в течение одного рабочего дня направляют документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).

      23. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 Типовым правилам и направляет их в уполномоченный орган или акиму поселка, села, сельского округа.

      Аким поселка, села, сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.

      24. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.

      25. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.

      26. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима поселка, села, сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.

      27. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.

      28. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.

      В случаях, указанных в пунктах 17 и 18 Типовых правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима поселка, села, сельского округа.

      29. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.

      30. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);

      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) установленного местными представительными органами порога для оказания социальной помощи.

      31. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом района на текущий финансовый год.

5. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      32. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы соответствующей административно-территориальной единицы;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      33. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

6. Заключительное положение

      34. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит отдел занятости и социальных программ Толебийского района с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес"