Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Төлеби аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы | Н. Койбагаров |
Төлеби аудандық мәслихатының 2024 жылғы 2024 жылғы 14 тамыздағы № 15/85-VIII шешіміне қосымша |
Төлеби аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдердің тізбесі
1. Төлеби аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы № 50/275-VI "Төлеби ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешімі (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5519 болып тіркелген).
2. Төлеби аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 53/297-VI "Төлеби аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы № 50/275-VІ "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5741 болып тіркелген).
3. Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 12/70-VIІ "Төлеби аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы № 50/275-VI "Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы" шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы" шешімі (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде №26367 болып тіркелген).
4. Төлеби аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 2/9-VIII "Төлеби аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы № 50/275-VІ "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы" шешiмi (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6290-13 болып тіркелген).
5. Төлеби аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 9/53-VIII "Төлеби ауданы мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 2/9-VІІІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріcтер енгізу туралы" шешімі (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде №6445-13 болып тіркелген).