Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Түлкібас кентінің басқару органдарының пiкiрiн ескере отырып, Түлкібас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі және Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысы негізінде Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түлкібас аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түлкібас кентінің шекарасына Түлкібас ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы 13 гектар жерді қосу арқылы, Түлкібас кентінің шекарасы өзгертіліп, жалпы алаңы 679,05 гектар шекарасында белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түлкібас ауданының әкімі | Н. Изтилеуов |
Аудандық мәслихаттың төрағасы | Х. Байысбаев |