"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 қазандағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Келес ауданы Біртілек ауылдық округінің Амангелді ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) №1 атауы жоқ көшеге – Абылай хан көшесі;
2) №2 атауы жоқ көшеге – Мәңгілік ел көшесі.
2. Келес ауданы Біртілек ауылдық округінің Көлтоған ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) №1 атауы жоқ көшеге – Мұстафа Өзтүрік көшесі;
2) №2 атауы жоқ көшеге – Алтын Орда көшесі;
3) №3 атауы жоқ көшеге – Сауран көшесі.
3. Келес ауданы Біртілек ауылдық округінің Керегетас ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) №1 атауы жоқ көшеге – Дінмұхамед Қонаев көшесі;
2) №2 атауы жоқ көшеге – Алаш көшесі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Біртілек ауылдық округ әкімі | К. Халық |