Атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Келес ауданы Біртілек ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 94 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 30 маусымда № 6316-13 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 қазандағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Келес ауданы Біртілек ауылдық округінің Амангелді ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) №1 атауы жоқ көшеге – Абылай хан көшесі;

      2) №2 атауы жоқ көшеге – Мәңгілік ел көшесі.

      2. Келес ауданы Біртілек ауылдық округінің Көлтоған ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) №1 атауы жоқ көшеге – Мұстафа Өзтүрік көшесі;

      2) №2 атауы жоқ көшеге – Алтын Орда көшесі;

      3) №3 атауы жоқ көшеге – Сауран көшесі.

      3. Келес ауданы Біртілек ауылдық округінің Керегетас ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) №1 атауы жоқ көшеге – Дінмұхамед Қонаев көшесі;

      2) №2 атауы жоқ көшеге – Алаш көшесі.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Біртілек ауылдық округ әкімі К. Халық

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады