"Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 қазандағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Келес ауданы Бірлесу ауылдық округінің Қазақстан ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) № 1 атауы жоқ көшеге – Дінмұхамед Қонаев көшесі;
2) № 2 атауы жоқ көшеге – Дина Нұрпейісова көшесі;
3) № 3 атауы жоқ көшеге – Мұхтар Әуезов көшесі.
2. Келес ауданы Бірлесу ауылдық округі 28 гвардия ауылындағы № 4 атауы жоқ көшеге "Нұртас Оңдасынов" атауы берілсін.
3. Келес ауданы Бірлесу ауылдық округі Дихан ауылындағы № 5 атауы жоқ көшеге "Домалақ ана" атауы берілсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бірлесу ауылдық округінің әкімі | К. Еркинбекова |