Атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Келес ауданы Бірлесу ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 12 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 29 наурызда № 6250-13 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 қазандағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Келес ауданы Бірлесу ауылдық округінің Қазақстан ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) № 1 атауы жоқ көшеге – Дінмұхамед Қонаев көшесі;

      2) № 2 атауы жоқ көшеге – Дина Нұрпейісова көшесі;

      3) № 3 атауы жоқ көшеге – Мұхтар Әуезов көшесі.

      2. Келес ауданы Бірлесу ауылдық округі 28 гвардия ауылындағы № 4 атауы жоқ көшеге "Нұртас Оңдасынов" атауы берілсін.

      3. Келес ауданы Бірлесу ауылдық округі Дихан ауылындағы № 5 атауы жоқ көшеге "Домалақ ана" атауы берілсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бірлесу ауылдық округінің әкімі К. Еркинбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады